Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актерлер мен спортшылар тұрғындарға веложолдармен жүруге болмайтынын түсіндіреді

Астана әкімі актерлер мен спортшылар арқылы тұрғындарға веложолақпен жүруге болмайтынын түсіндірмек, деп хабарлайы Қазақпарат. 

«Бір жағынан түсінуге болады. Бірақ мұның велосипед мәдениеті мен жаяу жүргіншілердің жүру мәдениеті екенін түсіндіргіміз келеді. Көпшілігі түсінбей жатыр. Атақты спортшылар мен актерлерді шақырамыз. Олар тұрғындарға велосипед жолымен жүруге болмайтынын түсіндіреді. Әйелдердің қоларбамен веложолақ арқылы жүргісі келетінін түсінем. Бірақ олай болмайды», – дейді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, жүгіруге және велосипедке арналған жолдар арнайы түске боялған.

«Ботаникалық бақта жолдың түсін анықтадық. Қызыл түс – веложол, жасыл – жүгірге арналған жол. Адамдар шатаспау үшін барлық жерде осылай болады. Оған әлі уақыт керек», – дейді әкім.

Бұған дейін Астананың 20 жылдығына орай 56 шақырым веложол салынатыны айтылған. Веложол Есіл ауданына Мәңгілік ел, Қонаев, Достық, Қабанбай батыр, Рысқұлов көшелері мен Астана-Қарқаралы, Талдыкөл-Қорғалжың тасжолында болады. Веложолдың ені 1,5-3 метрге дейін жетеді.

Талқылау