Актер: Бекең депутаттық мандаты біткен соң қазағымен қайта қауышады

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 12:12

Желіде жер дауына қатысты депутат Бекболат Тілеухан мен жас жазушы Бейбіт Сарыбайдың айтқан пікірі қызу талқыланды. Оны жақтағандар да, даттағандар да табылды. Осы орайда театр актеры Бақыт Тушаев өз ойын білдірген еді.

бекболаттт

Ол бұл турал Facebook парақшасында жариялады.

Журналист, жазушы Бейбіт Сарыбай Бекболат Тілеуханға қатысты ойын жазып, аз ғана қалған кадірінді сақтап қалшы деген пікірін білдірген. Кейіннен депутатты қорғағандардан оған араша болмай-ақ қоюды өтінген.

“Ақиқатқа тура қарайық ағайын. Бейбітті соншама сөгетіндей орынсыз нәрсе айтқан жоқ. Косорев, Перуашев тар жерді жалға беруге болмайды деп айтқан сөзді Бекең айта алмады. Халық Бекболатынан күтті. Салмағы бар саясаткер, бір айтса Бекең айтады тіліп тұрып деп ойлады. Ал, ол кісі пікір айтпақ түгілі микрофон ан қашқақтап журналистерден айналып өтіп, кабинетіне қамалып отырып алған жоқ па? Үкімет алдындағы беделін ойлаймын деп халық алдында беделін түсіріп алғаны анық ақиқат шындық. Оны сырттай мойындамасаңыздарда іштеріңіз сезіп отыр”, – деп жазады Бақыт Тушаев.

Автор Бекболат Тілеухановты жақтайтындарды сынға алып, оның Бейбіт Сарыбайдың сөзін қолдайтынын жеткізді.

“Сосын неге Бекеңді сонша пайғамбар көріп кеттік, ал жанындағылар сахабалар ма? Біресе Абайға апарып тіреп қоямыз. Ол кісі де пенде ғой. Ақыл жастан, асыл тастан деген. Дана халқымыз он үштегі баланың төрелігін, айтқан сынын ақсақалдары да мақұлдаған. (Оған дəлелел өте көп). Бейбіт те ағасының жағасына жармасатын сіздер ойлағандай өресіз емес. Елдің өкпе назын орынды жеткізді. Енді төрт жыл шыдаңыздаршы Бекең қалың елі қазағымен əлі ақ қауышады, ел сүйінер сөздерін айтып жұрт көңілінен шығар талай іске мұрындық болады. Бекең өз арнасын табады əлі. Қазіргі саясат ағамызды өз керуеніне қосып алып арнасын бұрып жіберді. Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң дейді. Бұның бəрі уақытша тірлік қой. Мандаттыңда срогы біткенсоң Бекеңді алты алашы қайта құшағына алады”, – дейді ол.

“Халық қағылез байқампаз емес пе, мұңын айта білсең дұрыс бассаң алақанында аялайды, ал бұрыс бассаң сол алақанымен тартып жібереді. Сосын Бекеңе адвокат болуды қою керек. Ол кісіні мақтағандар ақылды (жұмаққа кіреді), даттағандар ақымақ (тозаққа кіреді) деген сыңар жақ пікірлерің Бекең мен халқының арасын одан əрі ушықтырып жатқанын неге түсінбейсіздер. Тілеуханның тұяғына нағыз жанашыр адам бұлай істемейді. (Əсіредіншіл тым таяз ойлайтындардың құлағына алтын сырға). Ал, Бекболат ағасы Бейбіт інісінің сөздерін қате десе онда жауап берсін, сөзімен емес ісімен табандылығымен, азаматтық ұстанымымен, өзі жайлы айтылған негативті пікірлерді теріске шығарсын. Оған Бекеңнің ақыл ойы парасаты иманы өресі де жетеді. Тек сабыр етейік. Қазақ Бекболатынан, Бекболаты қазағынан алыс кетпейді. Бірақ оған дейін төрт жыл бар əлі”, – деп жазады Бақыт Тушаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Осы жерде Бекболат Тілеуханның атына мүддесіне өте жаман пікірлер айтылуда өткені Ел ерін умытар,Ер ешқашан ел умытпайды деген сөз бар емеспе. Біз жастар арқа сүйер ағаларымыз осындай пейіл танытып жатса келешек қазақ еліне улкен қауып емеспа

  • Жұмбақ жан says:

    Сөзіңіздің басы дұрыс еді, аяғы шала кетіпті… Бекболат мырза қателесетіндей боз бала емес,ел ағасы. Жер мəселесі де қателесетін тақырып емес,артында елдігіміз тұрғанда. Жерге жанын беру керек еді, мандатқа абыройын бергенше. Бейбіт ағамдай сөзге шебер болсам,оданда өткізіп жазар ем…

  • Нұрлан says:

    Абыройдан бір-ақ мезгілде айырылуға болады. Бекболаттыкі дәл осы жағыдай!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Ай халкым алi
    тусiне алмай журсiндер ме, жогарыда отыргандар ушiн халык жандiк. Жандiк кiмге керек….

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақ үкіметін халқынан бөлектеп ақымақ болма Бақыт Тушаев! Басшымен халқының арасына перде салып отырсыңғой! Қазақты қазақ жамандап қайда барар!

  • Жұмбақ жан says:

    Батыс енді оны қабылдамайды адам деп!

  • Адай жеменей says:

    Қадірің кетсе ырымға ала алмайсың айырбастап дүниенің құнына деген қазақ бекболат қадірі кеткен шіріген жұмыртқа болып қалады тек елдің есінде. Кімнің кім екенін халық көрді түсінді маңыздысы сол, күндіз имам түнде иван дейді бұндай сорлыларды

  • Алгадай says:

    барине бирак жауап айтайын акикатын! Казирги уакытта кара кушпен 1 -ши топтагы мугедекти де ала алмайсын!!! Озгерткин келе ме билим ал да биликке аралас жогарыдагыларды оз адисимен озин туншыктырындар !!

  • Жұмбақ жан says:

    Сонда казак пен депутат екi болек болганы ма?

    • Адам says:

      Халық пен депутаты сауатсыз адам ажырата алмайды

  • орда says:

    Халықта осы: біресе былай шығып,біресе олай шығып,біреуден сескеніп,біреуге жағымпазданып жүрген адамды- тек өз мүддесі үшін жүрген пасық адам дейді. Бекболат ағамыз ондай емес шығар деп үміттенемін.

    • Жұмбақ жан says:

      Нагыз жагымпаз оз муддесин ойлап отырган жокпа ойласа халыкка тусиндирмейме

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар