Бейбіт Сарыбай: Бекболат Тілеуханға арашашы, адвокат болмай-ақ қойыңыздар

Сейсенбі, 17 Мамыр , 2016 11:18

Жерді жалға беруге байланысты дау әлі де тыйылар емес. Оған қатысты беделді тұлғалар мен шенеуніктер де пікірін білдіріп жатыр. Осы орайда жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай депутат Бекболат Тілеухановқа қатысты пікірін білдірген болатын. Ашынған жазушы депутаттан өз қадірін төмендетпеуін сұрап, онысын ашық жазған. Бейбіт Сарыбайдың осы жазбасын оқығандар түрлі пікір білдірген-ді. Ол жазбасының жазылу себебін түсіндіріп, кей адамға Бекболат Тілеуханның қорғаушысы болмауға кеңес берді.

новый коллаж

Фото: radioshalkar.kaztrk.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

“Басы ашық нәрсе бар. Мен Бекболат ағаның дұшпаны емеспін. Өмір бойы ол кісінің жеке басына, азаматтығына, әншілігіне тілім тиген кезі жоқ. Бар болғаны пікіріне пікір білдірдім. Ал, енді оны осындағы ағайын бөлісіп, таратып жатса, олардың да айтқысы келген назы деп түсінген жөн шығар. Арқа сүйер ағаға деген өкпе шығар. Әйтпесе сол билікте жүрген “шіріген жұмыртқаларға” өкпемізді, назымызды айтсақ, айтпайық па. Өйткені олардан үміт, қайыр жоқ. Қайыр жоқ болғаннан кейін үндемейміз. Егер күні ертең басқа жағдайда Бекболат аға топ бастаса, әскерінің сапында болмасымызға кім кепіл?.. Сондықтан ол кісіге арашашы, адвокат болмай-ақ қойыңыздар”, – деп жазады Бейбіт Сарыбай өзінің facebook парақшасында.

Мұнымен қатар, журналист ешкімнің азаматтық намысына сөз тигізбегінін жеткізді.

“Тағы қайталап айтамын, мен ол кісінің ар-намысына тиетін сөз айтқан жоқпын. Ал, сол кісіні қорғамақ болып азан шақырып қойған атым мен атамның атын кірістіріп, “Бейбит жүрген бір ит, Сарыбай жүрсеңші сарымай, Боғыңды пакетке салып-ай” деп жазғандарды да оқыдық. Ұйқасы тәуір екен деп күлдім де қойдым… Шын діндар, шын тақуа адамның аузынан шығатын сөз емес. Жәй ғана пікір білдірген адам күнәһар ма, әлде, адамды итке, боққа теңеген адам күнәһар ма, оны да бір Алла біледі. Көттің сасығын боқтан көреміз, ауыздың сасығын неден көрсе болады?”, – деп сауал тастады Сарыбай.

Сөз соңында “Алаш ұранын” айтқан Бекболат Тілеуханның мың есе артық екенін айтып, жұртқа жоғарыдағы видеоны тыңдауға кеңес берді. Ол елдің рухы көтеріліп, Алаш баласы бірігіп жатса, оған осы әннің әсері боларына кәміл сенімді.


Оқи отырыңыз:

Жазушы: Бекболат аға, данышпандығың өзіңе, енді осы аз ғана қадіріңді сақтап қалшы

Бекболат Тілеуханов: Таңдауымды түсінші, асыл алашым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бейбim бауырымыз мыкты жазгансын, тантi болдым. Осы бекболат сиякты мыктылардын аркасында жерсiз, болашаксыз, елсiз калуымыз мумкiн. Александр ендi жаман соз жазып, итше урin жургендер билiкке артын саткыштар шыгар…

  • Алаш ұраны says:

    Төмендегі ұранға мән беріңіздерші!!!
    Алаш ұраны (сөзі Бекболат Тілеухан):

    Баю үшін бағын да сатқандар,
    Тою үшін де тонын да, арын сатқан,
    Құлданған санасы.
    Ел мен жер бізге аманат,
    Алаштың баласы.

    Кезінде осы сөздерді айтқан ағамызға, қазір таң қалып отырмын.
    Уақыт барлығын көрсетеді.

    • Жұмбақ жан says:

      Сөзі мен ісі бір-біріне сай келмейтін, үлгі алатын көкелері бар ғой..

    • Əділет says:

      Бекболатқа өте ұят болуға тиіс. Жалғыз осы емес сайлаудың алдында интернетте бір видео сужет пада болды. Қытайға барып назарбаев жер бөлу мəселесі туралы. Сол видеода бекболаттың соны əңгіме ғып айтқаны өте төмен білімсіз адамның ойы болды. Мен əлі күнге дейін таң қалам құдай бақ берем десе табан астында. Міне Абай атамыз айтқандай осындай жағымпаз жылпос адам депутат боп отыр. Ринат дұрыс айтады о тəңірім сен қайда қарап тұрсың деп.

  • Жұмбақ жан says:

    Бекболат ағамыз халықтын сенімін ақтамады,олай дейтініміз ұрпағына халқына жер анасы қымбат екенін сезіне алса-да ақиқатты айтуға дəті бармады, қара басын жəне мəнсап ойлады ма бір Аллаға мəлім. Менде ағамызды жақсы көруші едім, амал қанша өкінішті.

  • Жұмбақ жан says:

    endi kalgany bir birinmen kyrylyndar. Baskasy bitip turgandai? Ne warualaryn bar Bekbolatta, neshe jyldan Wahanov ekeui qazaq qazaq dep aykalap jurgende bireuiniz undegen joksyndar. Odanda Karimovti kurpaysyndarma Kytailardy kirgizip jatkan elge

  • Алаш says:

    Бекболат өзіңе көп алма бауырым!! Көтере алмас шоқпарды беліңе байлама!!

  • Жұмбақ жан says:

    Бекболатта кад!р камады.бурын да шамалы ед!.ол оз!интернетт! Окыса комиссияны емес,депутаттыкты да тастар ед!. Ана мен дареткананы ажырата алмаган сауатсыз адам депутат болган сон б!тт!гой шаруасы .

  • Аскар says:

    Бейбіт дұрыс айтқан. Сопақ туралы да, опақ туралы да.

  • Жұмбақ жан says:

    Бекболат Тілеуханның кешегі жиындағы сөзі, шындығында да, ұят болды.Бейбіт Сарыбай өте орынды айтқан. Мен ол кісінің өнерін бағалаушы едім. Даусы зор. Ал діни сауаттылығы бола тұра, даусын көтеріп, жұлқынып сөйлегені әдепсіз көрінді. Сабырмен сөйлеу керек. Бүкіл қазақ көз тігіп отыр.Әлде үлкенді сыйлау деген ол кісінің ұстанымында жоқ па екен?!. Шаханов- қазақ ақыны, нағыз ұлт жанашыры. Қайта қуанайық , құптайық сондай ел азаматының барына.

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақ ұлтының ішінде біреуді даттау үшін, біреуді мақтау немесе керісінше жасау белең алған. Бұл қазақ әдебиетін оқымаған, тәрбие алмаған, білімсіз адамдардан ғана шығады! Бейбіт, әуелі отты көсеген – сенсің! Жалыны өзіңді шарпыды ма, енді кешірім сұрайсың! Бекболат ол орынды еңбегімен, харекетімен алған! Басқаша амалдауың керек еді!

  • Жұмбақ жан says:

    ҚАЗАҚтар біреуді қорғау үшін біреуді қараламайықшы… Алланың алдында әркім өз күнағы үшін өзі жауап береді… Біреуің ағалық, екіншің інілік танытыңыздар….

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар