Ақтаулық такси жүргізушісі клиенттеріне кәмпит, сусын және аяқ киім щеткасын ұсынады
Батырғали Күшпенов Астрахань қаласында туған. Ақтауға 1979 жылы көшіп келген. Оның негізгі жұмысы – жедел жәрдем жүргізушісі.
Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.
«Қазір үш күнде бір рет жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Бос уақытымда жолаушыларды тасимын. Жастайымнан қосымша жұмыс істеп үйренгенмін. Бір жарым жыл бұрын көлікке отырғандарды қуантудың амалдарын іздей бастадым. Адамдардың көңілді жүргенін ұнатамын. Осы орайда, күні-түні қызықты дүниелер ойлап таба бастадым. Ең басында, қол сүртетін орамал ұсындым. Себебі, көбісінің балалары көлікте тамақ жеп отыратын. Артынша балаларға кәмпит ұсынуды әдетке айналдырдым», – дейді Батырғали Күшпенов.
Такси жүргізушісі, мұнымен қатар, клиенттеріне аяқ киімге арналға щетка, тіс шұқығыш және түрлі сусын ұсынады. Тіпті, қыс мезгілінде көлігіне отырғандарына ыстық кофе ұсынған. Ең бастысы, ол осының барлығын тегін береді әрі осы үшін жол ақысын көтермейді екен.
«Әрине, барлық адамның күліп жүргенін қалаймын. Бұл қосымша жұмысымды тастағым келмейді. Адамдар әдетте маған таңқалып жатады. Бастапқыда мұның барлығын ақшаға бола ұсынып отыр екен деп ойлайды. Менің басты мақсатым – клиенттеріме жайлылық сыйлау. Арасында кейбіреуі телефон нөмірімді алып қалып, артынша хабарласады. Ерінбей керекті жерлеріне тасымалдап отырамын», – дейді Батырғали Күшпенов.
Жіберіп алмаңыз:
8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы марапаттан бас тартты
Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр
Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)