8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы марапаттан бас тартты

Дүйсенбі, 17 Сәуір , 2017 18:30

Алматы облысында 8 жасар қызды педофилден арашалап қалған 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладдинов марапаттан бас тартты.

2032099

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Алматы облысы, Түрген ауылында 14 сәуір күні 8 жастағы қызға 32 жастағы ер адам шабуыл жасап, зорламақ болған еді. Оқиғаның куәгері болып қалған Тимурбек Жамаладдинов бұзық ойлы ер адамды итеріп жіберіп, қызды оның құрсауынан құтқарып қалады.

“Мен тек өзімнің азаматтық міндетімді орындадым. Нағыз еркек ретінде. Қыздың жағдайы қазір дұрыс. Ал мені марапаттаудың еш қажеті жоқ”, – дейді мектеп оқушысы.

Бұған дейін полиция қызды құтқарып қалғаны үшін бозбаланы марапатқа ұсыну туралы бастама көтерген еді.

“Менің орнымда болған кез-келген адам солай істер еді”, – дейді Тимурбек.

Оқиғадағы күдікті ер адамға қатысты қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 121 бабы бойынша іс қозғалды. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15-20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.

Тағы да оқыңыз:

Үй-күйсіз кезбе марқұм күйеуінің туысқандарынан өзінің зейнетақасын ала алмай жүр

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар