Ақтаулық әйелдің үйіне өмірге қауіпті өрмекші кіріп кеткен

Ақтауда бесінші мөлтек ауданында тұратын әйелдің үйіне қауіпті қарақұрт өрмекшісі кіріп кеткен. Улы жәндікті сол сәтте пәтерде болған қонақтар байқап қалған.

Ақтаулық әйелдің үйіне өмірге қауіпті өрмекші кіріп кеткен

Бұл туралы жергілікті «Лада» басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мен құрбымның үйіне жеке жұмыстарыммен келдім. Ұзындығы шамамен 3,5 сантиметр болатын өрмекшіні көріп қалдық. Қатты қорықтық. Өрмекшіні дихлофоспен өлтіруге тура келді», – дейді әйелдің құрбысы.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, табиғат бөлімінің маманы Людмила Быкова қарақұрт шағып алған жағдайда у тарап кетпес үшін зақымдалған жерді қысып, жоғары көтеру қажет. Сосын бірден дәрігер шақырған жөн.

«Өрмекшінің ұрғашысы еркегіне қарағанда ірі әрі улы болады. Олар тек бір маусым өмір сүреді. Егер өрмекші үйге кіріп кетсе, оның көзін жою қажет. Тек абайлап. Шағып алған жағдайда, тез арада дәрігер шақыру керек. Олар уға қарсы екпе салады», – дейді Быкова.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында қарақұрт шағып алған Маңғыстау облысының 30 жастағы тұрғыны зардап шекті. Ер адам қолында отырған жәндікті байқамаған. Жәндік шағып алған соң, зардап шеккен азаматтың іші төмен салбырап, белі ауырып, тынысы тарылған.

Тағы оқыңыз: 

Алматы тауларының бірінен 19 жастағы студент қыз өлі табылды

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Оралда коттедж баспалдағынан құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар