Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тауларының бірінен 19 жастағы студент қыз өлі табылды

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 19 жастағы студенті Алматыдағы таулардың бірінен өлі табылды. Алматы полициясының айтуынша, оқиғаның алдын ала нұсқасы – өзіне қол жұмсау. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы тауларының бірінен 19 жастағы студент қыз өлі табылды

«Ол 19 жаста ғана еді. Дария аудармашы болуды армандайтын. Сол күні ол үйден университетке қарай асығыс шығып кетті. Бірақ онымен бірге оқитын студенттердің сөзіне қарағанда, ол сол күні университетке бармаған. 7 сәуірде оның өлі денесі таудан табылды. Біз оны біреу өлтіріп кетті деп ойлаймыз», – деп жазды марқұмның құрбысы Мейірамгүл Исатай әлеуметтік желіде.

Бұл қайғылы жағдайға қатысты Алматы полициясы оқиғаның алдын-ала нұсқасын ұсынды. Олар бойжеткен өзіне қол жұмсаған деп отыр.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық деректер бойынша, қыз өзіне қол жұмсаған», – деді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 19 жасар студенті 5 сәуірде жоғалып кеткен екен. Бойжеткен үйден университетке кеттім деп шығып кеткен, бірақ ол сол күні сабаққа мүлде келмеген.

Оқи отырыңыз:

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Алаяқтар интернет-банкинг арқылы адамдарды қалай алдап жүр?

Алло, Сәке. Бәкені жұмысқа орналастыршы: Алаяқ министр мен президент көмекшісінің атынан қоңырау шалып келген

Талқылау