Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тәрбиеші балабақшада қыздың жоғалғанын байқамай қалған

Екі жасар Ясмин Толқын-2 шағын ауданында орналасқан жекеменшік балабақшада төрт күн болып үлгерді. 18 мамыр күні оның ата-анасы және ағасы қызды алып кету үшін балабақшаға келген. Алайда отбасы балабақшаның ауласынан қыздарын таба алмай қояды.

000льо

Бұл туралы Тумба.kz басылымы жазды.

«Біз сағат 18:20 шамасында келдік. Аулада бір әйел мен балалар ойнап жүрді. Бірақ, арасында біздің қызымыз болмады. Әйел кімге келгенімізді сұрады. Бізге Ясминді алып кеткенін айтты. Жаман ойлар келіп, дүрбелеңге салындым… Күйеуім екеуіміз қызымызды іздеуге кірісіп кеттік. Артынша жолдың арғы бетінде тағы да бір балабақша тұрғанын көрдім. «Бәлкім сол жаққа кеткен шығар?» деген ой келді», – дейді Руфия ханым.

Қыз, расымен де, жолдың қарама-қарсы бетінде тұрған балабақшаға кетіп қалған екен. Анасы сол жерде тұрған ойын алаңындағы ойыншықтарға қызықты деп болжауда. Бәрінен бұрын қыздың жоғалып кеткенін ешкімнің байқамағаны Руфия Жәбірованың ашуына тиген екен.

«Тәрбиеші артынша кешірім сұрап, өзінің қателігін мойындады. 17:50 шамасында оның тақиясын жөндегенін айтады. Артынша оны көрмегендіктен, ата-анасы алып кеткен болар деп ойлаған. Яғни қыз жарты сағат бойы бейтаныс жерде жүрген. Біз оның басқа жаққа кетіп қалмағаны үшін қуаныштымыз. Ал қарама-қарсы беттегі балабақша әріптестерінің қандай әрекет жасайтынын күтіп отырған екен», – дейді Ясминнің анасы.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар Астана туған күніне орай 4 күн демалады

Сағынтаев Перуашевтің жастарға жатақхана салу туралы бастамасына қарсы шықты

Елімізде еркектердің төсектегі қуатын арттыратын қоспаға тыйым салынды

Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)

Талқылау