Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда науқастар перхентхана ішінде қандалалар барын айтып шағымданды

Ақтауда облыстық перинатарлықъ патология бөлімінде жатқан науқас өз денесінен қызарған бөртпелері көрген. Ол бастапқыда оны аллергия әсерінен деп ойлапты.

1480938987_inettools_net_resize_image

Лада редакциясына жүкті әйел хабарласып, емханадағы санитарлық тазалықтың жоқтығын айтып шағымданды.

Ол кейіннен өзін қандала шаққанын білген. Перинатарлы орталықтың басшысы Жамал Жаманбекова бұл паразиттермен жарты жылдан бері күресіп келе жатқанын айтады.

Емхана басшылығы мұндай шағымды теріске шығарған жоқ. Олар жарты жылдан бері паразиттерден құтылу үшін жанталасып келе жатқандарын айтты.

«Бастапқыда мен мұның қандала шаққанын білмедім. Аллергия ма деп ойладым, кейін іздері қатты қыши бастады. Орны қызарып кетті. Ем алып жатқандықтан перзентханада шығып кете алмадым. Түнімен ұйықтай алмай мазам кетті», – дейді жүкті әйел.

«Біз тек дәрілер қолдана аламыз. Жүкті әйелдерді үш рет өзге палаталарға жібердік. Төсек-орнын ауыстырып, едендерді тексердік. Бұдан қалай құтылуды білмей отырмыз. Қайта пайда бола береді. Өзге бөлімдерді мұндай мәселе жоқ. Мәселенің негізгі себебі, бізде заң бойынша ашық жүйемен жұмыс істейді. Науқастар өзімен бірге киімін, заттарын алып кіреді. Қалаған адамдар кіре алады. Соның соңы осындай жағдайларға әкеп соқтырады», – дейді Жаманбекова.

Дәрігерлер қандалаларды жою жұмыстары әлі де жалғасатынын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан

Алматыда үй мен көлік әперемін деп талай адамды сан соқтырған емші әйел қолға түсті

Талқылау