Ақтауда көпқабатты үйлер қабырғасына желдеткіш пен спутниктік антенна орнатуға тыйым салынды

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 15:13

Ақтауда спутниктік сымдар мен желдеткіш орнатуға тек жаңа құрылыс тұрғындарына ғана тыйым салынған. Құрылыс жүргізетін ұйымның ережесіне сай құрылыс аумағында түрлі процедураларды пайдалану ҚР ұлттық экономика министрлігі арқылы бекітіліп, осы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген.

ыыыы

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Құрылыс жүріп жатқанда не нәрселерге тыйым салынатындығы құжатта жазылған.

Көпқабатты үйлердің қабырғасына, магистральдік және транзиттік маңызы бар қала көшелерінің бойына, тарихи-мәдени нысандарға желдеткіш орнатуға және түрлі архитектуралық сәндеу мен жабыстыруға;

Көпқабатты үйлердің қабырғаларына ҚР аумағында рұқсат етілмеген телерадио каналдардың сигналдарын қабылдайтын спутниктік құрылғылар орнатуға;

“Бұл жерде қаладағы ғимараттардағы желдеткіштерге демонтаж жасау туралы айтылып отырған жоқ. Бізде пәтерлердің жобалануы және үйлердің сыртқы келбетіне қатысты көптеген шағым бар. Осы сауалдарды шешу үшін нормативтер мен ережелер қабылданды. Олар тек жаңа ықшам аудандардағы үйлерге орнатылады. Барлық жаңа құрылыс жүріп жатқан аумақтарда арнайы антендер орнатуға рұқсат етілген жерлер бар. Тұрғындардың көбісі балкондарын өздері қайта бұзып, шағын құрылыстар жүргізе береді. Бұл үйдің плитасына артық салмақ салады. Қаланың бас жоспары және жобалау жоспарлары бар”, – дейді Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов.

Жаңа ереже антендердің де орнатылуына қатысты.

Безымянный

“Жаңа ереже бойынша спутниктік антенналар орнататын компаниялар, енді ол құрылғыны тек үйдің шатырына ғана орната алады. Әрине, егер бұл жобалық-сметалық құжатта қарастырылған болса. Ал егер олай көрсетілмесе онда жылжымайтын мүлікті иелену басқармасымен келісуге тура келеді. Жаңа тұрғын үй заңнамасына сәйкес құрылғыны орнату мәселесі 70 пайыз пәтер иесінің және жергілікті атқарушы орган келісімі арқылы жүзеге асуы тиіс. Осыдан кейін барып спутниктік құрылғыны шатырға шығара беруге болады. Демек, бұл ретте кәсіпкер құрылыс иелерімен және жобалаушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек”, – деді Марат Молдағұлов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар