Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда командир бұйрығын қасақана орындамай қойған сарбаз тұтқынға алынды

Ақтауда берілген тапсырманы орындаудан бас тартқан жауынгер екі тәулікке қамалды.

136633

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Іс материалы бойынша, Ақтау қаласындағы ҚР Ұлттық гвардиясы №6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері аға сержант, яғни, өзінің тікелей командирі берген “алдыңғы шабуыл шебінде оқ ату” туралы тапсырманы орындамаған.

Сотта әскери қызметкер өз кінәсін мойындаған. Ол жасы үлкен әскери қызметкер болғандықтан жас сарбаздардың алдында жерге жатып, жүгіріп түрлі тапсырмаларды орындағысы келмепті.

Судья әскери қызметкерді ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 6 бабы бойынша кінәлі деп таныды. Жетекшінің бұйрығын орындаудан ашық бас тартып, оған қасақана бағынбаушылық танытқаны үшін сарбазға 25 АЕК (56 725 теңге) салынады немесе 15 тәулікке дейін қамалатын болады.

Кінәлі жауынгерге екі тәулікке әкімшілік тұтқындау жазасы кесілген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Қазақстанда құрылысшылар жаңа үйге жұқалтыр қағаздан есік салған (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау