Қазақстанда Кеңес дәуірінде жасалған кір тасын 10 мың долларға сатып алуда

Сенбі, 20 Ақпан , 2016 9:02

Сатып алушылар бір спорттық жабдық үшін екі жарым миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. Бірақ ол Кеңес кезінде шығарылған әрі түбі жайпақ болуы тиіс. Осындай тиімді хабарландырудан соң тұрғындар тіпті бір-бірінің үйіне ұрлыққа түсіп, кір тастарын алып кетіп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

image

Кір тасын көтеру спортына маңғыстаулықтар аса қызығушылық танытқан емес. Оны тек зілтемір, гантельдермен бірге кешенді спорт түрінде ғана қолданады. Тіпті облыста арнайы қауымдастық та жоқ, чемпионаттар да сирек өтеді. Соған қарамастан кір тасына деген сұраныс артып тұр.

Онда да сұраныстағы кір тастары жаңа болмауы керек. Кеңес кезінде шығарылған әрі онда «СССР» деген жазуы болуы тиіс. Салмағы әртүрлі: 16, 24, 32 кг. Ең бастысы – құламауы керек.

Кір тастарын сатып алушылардың хабарландыруы ғаламтор желісінде толып тұр. Олар бір спорт жабдығы үшін екі жарым миллион теңгеге дейін ұсынады. Ақшаны қолма-қол бермек. Дәл осындай ұсыныспен олар спорт залдары мен фитнес-клубтарды да аралап жүр.

Бұл туралы: “Бізге бірнеше кір сатып алушылар келіп кетті. Негізінен құламайтын тастарды сұрайды. Жүз мың теңгеден бір миллион теңгеге дейін ақша ұсынды. Тек біздің тастар олардың талаптарына сай келген жоқ”, – дейді жаттықтырушы Владимир Боришполов.

Ақтаулықтар кір тастарын Алматы мен Астанаға жібереміз дейді. Ал ондағы сатып алушылар тауарды қайда аттандыратынын құпия ұстап отыр. Бұл уақытта ел арасында кір тастарына деген құштарлық едәуір артқан. Тіпті тұрғындар сол үшін бір-бірінің үйіне ұрлыққа да түсіп жатыр.

“Жармыш ауылында 1985 жылы туған ауыл азаматының аулада тұрған кір тасы ұрланып кеткен. Бұл дерек бойынша күдікті іздестіріліп жатыр”, – дейді Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі Жазира Әбіл.

Кеңестік кір тастарының бір сәтте бағалы боп шыға келуінің нақты себебі белгісіз. Біреулер оның құрамында құны алтыннан қымбат палладий металы бар дейді. Алайда оны ғылыми тұрғыда зерттеп көрген ешкім жоқ. Сондықтан екінші топ бұл тек алаяқтардың әрекеті деп отыр. Себебі кезінде «Зингер» тігін машинасы мен көне тоңазытқыштарда құнды металл бар деп ел арасында дүрбелең туғаны бар болатын.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін  Ескі гір тасының құрамында палатий мен осмий бары анықталып, ел арасында жаппай іздестіріле бастағаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    32 кг ды бар СССР дан кележаткан ..калай хабарласам номер 87754883773

  • Жұмбақ жан says:

    Дәл осы кір тас бар ссср салмағы 24 ескі қалай қабарласалам

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар