Ақтауда бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып, пышақтап кетті (видео)
Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода бір топ жас жігіт ер адамды соққыға жыққан.

Салдарынан жәбірленуші пышақ жарақатын алып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.
Басылымның берген мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 мамырда болған. Бейнежазбада бірнеше жігіт жабылып, ер адамды ұрып соғады. Бірнеше секундтан соң ер адам құлап түседі де, шабуылдаушылар қашып кетеді, өтіп бара жатқан жүргізушілер зардап шеккен адамға көмектеспек болады.
Аурухана дәрігерлерінің сөзіне сүйенсек, ер адам екі санынан пышақ жарақатын алған, қазір ауыр хәлде жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты
Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді
Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты