Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау полицейлері таксиде қалып қойған сөмкені иесіне табыстады

Ақтау полицейлері жергілікті тұрғынның таксиде ұмыт қалдырған сөмкесін жедел іздестірген. Сөмкеде алты келіден астам сыр мен өзге де азық-түлік болған. Бұл туралы Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады.

шгнек

Сурет lada.kz

Бұл оқиға 27 наурыз күні болған.

“Мен таксиге алты келі сыр басқа да азық-түлік салынған және 30 мың теңгеден астам ақша бар сөмкемен отырғанмын. Алайда шыққан кезде ұмытып кетіппін. Бұл мен үшін үлкен материалдық шығын еді, алайда полиция іздеп тауып бердім. Үлкен алғыс айтамын”, – дейді әйел.

Жоғалған сөмкені іздеумен полиция қызметкері Ян Садыкин айналысқан. Оқиғаның шамамен қай кезде болғанын, жолаушының таксиге қай жерден отырғанын және көлік маркасын анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларын да тексерген. Бірнеше минуттан соң кадрға керекті көлік те іліккен. Аздаған уақыттың ішінде инспектор қажетті такси жүргізушісін тауып алды.

Такси жүргізуші сөмке толы азық-түлікті бірден көрмегенін, бірақ, байқап қалған сәтте полицияға апарып бермек болғанын айтады. Алайда тәртіп сақшылары оны ерте тапты. Нәтижесінде сөмке толығымен иесіне қайтарылды. Осыған ұқсас тағы бір оқиға наурыз айының аяғында болған.

28 жастағы Ақтау тұрғыны күйеуімен бірге бес жасар баласын ертіп жағалауға шығады. Демалып болған отбасы ішінде 155 мың теңге, алтын алқа және құжаттары бар сөмкені тастың үстіне қалдырып кете барған. Әйелдің есіне сөмкесін ұмыт қалдырғаны таксиде бара жатып түседі. Жоғалтқан жерге келгенде сөмке орнында болмай шықты.

Әйел полицияға хабарласып, тәртіп сақшылары жедел түрде іске кіріседі. Олар бейнебақылау камераларын қараған кезде, сөмкені ұрлап кеткен күдікті де көзге түседі.

Полицейлердің айтуынша, кадрде отбасы мүшелерінің қалай тастың жанынан кетіп бара жатқаны, ал шамамен қырық жастағы еркектің сөмкені алып, бірақ ұмыт қалдырған адамдарға қарай асықпай аяңдағанын байқалады дейді. Әрине, бүкіл қаладан ол ер адамды табу мүмкін емес. Бірақ, әйелдің тым қымбат мүліктері кеткенін түсінген тәртіп сақшылары ақыры қала бойынша іздеуге кірісіп кетеді. Қуанышқа орай бұл іздеу табысты аяқталды.

Ақтау қаласындағы 27 ықшам ауданының 42 жастағы тұрғыны полиция арқылы немесе БАҚ арқылы өтемақы талап етіп сөмкені қайтарып бермекші болғанын айтыпты. Ер адамның әрекетіне қатысты қандай шешім қабылданатыны белгісіз.

Талқылау