Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшаны жапон йенінде сақтаңыздар: Қордағы қаражатты үнемдеу тәсілі аталды

JPMorgan Chase сарапшылары экономиканың соңғы бес жаһандық құлдырауын талдап, дағдарыс кезінде ақша үнемдеуге болатын валюталарды атады.

Ақшаны жапон йенінде сақтаңыздар: Қордағы қаражатты үнемдеу тәсілі аталды

Бұл туралы Bloomberg хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сарапшылар, дағдарыс кезеңінде, ең алдымен, дамушы елдердің валюталарынан құтылу керек деген тұжырымға келді. Мұндай валюталардың құлдырау басталғаннан бергі екі жылдық кезең ішінде орта есеппен 17 пайызға арзандайтыны белгілі болды.

JPMorgan-ның бағалауы бойынша, ақшаны жапон иенінде, швейцариялық франк, АҚШ және Сингапур долларында сақтаған тиімді. Сонымен қатар, иен ең қолайлы нұсқа болып табылады. Себебі, бұл қаржылық тәуекелдерді сақтандырудың ең арзан құралы.
JPMorgan-ның пайымдауынша, жаһандық экономикалық құлдырауы туралы әңгіме айтаға әзірше ерте. Бірақ олар күтпеген жағдайларда атап айтқанда, сауда төңірегінде соғыс болғанда құлдырауы мүмкін.

 

Талқылау