"Ақша керек болды": Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған күдікті ұсталып, жауап берді
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған күдікті ұсталды. Ол неліктен ұрлық жасағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Желіде ер адамның тергеліп жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Күртемен басын жауып тұрған ер адам ұрлық жасағанын мойындайды.
Полицейлердің сұрағына жауап берген ол бұрын сотты болғанын айтты.
«Ақша керек болды. Осындай әрекетке бардым. Қылмыс жасағанымды мойындаймын», - дейді ол.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 3 рет сотталған. 1986 жылғы күдікті бір жерде екі ұрлық жасағанын мойындаған. Заттай айғақтар автоұрының тұрғылықты жерінен табылды.
Еске сала кетсек, Алматыда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған. Ұрлық өткен жылдың жазында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде болған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
Сөзінше, ер адам біреудің баласын азаптау арқылы өз бетінше жазалаған

"Ішінде тоңазытқыш, массаж орындығы, караоке бар": Қазақстандық автобустан үй жасап, қалаларды аралап жүр
Автобустың ішінде тоңазытқыш, төсек, караоке, синтезатор, шкаф - керек-жарақтың бәрі бар.