Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен көз жұмған жерде: Автоұрылар Баландиннің көлігінің айнасын ұрлап кетті

Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің аумағында автоұрылар жүзуден Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлап кеткен.

Баландин

Бұл туралы inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Спортшы достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін көлігінің айналары ұрланғанын байқаған. Ұрлық бір жыл бұрын автоұрылар әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіріп кеткен жерде орын алған. Баландин полицияға шағымданып, хаттама толтырылды.

«Менің Toyota Land Cruiser маркалы көлігімді Олимпиададан кейін сыйлаған. Оның бір айнасы 400 мың теңгенің шамасында тұрады. Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын жалғастыруда, осыдан түсінбестік туындайды. Біздің халық өзгермейді», - дейді Дмитрий Баландин.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен автоұрылардың қолынан ажал құшқан еді. Оның өліміне кінәланған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға, Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау