Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың 5 университетінен шақырту алған талдықорғандық зерек оқушы дайындығы туралы айтты

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы бірден АҚШ-тың бес жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға шақырту алған. Антон Моргунов интеллектуалдық қабілеттері мен шыдамдылығының арқасында алдына қойған мақсатына жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Осы қасиеттерімен ерекшеленген оқушы  Гарвард, Стэнфорд, Колумбия, Массачусетс және  Калифорния технологиялық институты сияқты ірі университеттерде білім алуға шақырту алды.

Антон 11-ші сыныпта оқып жүргенде шетелдік білім саласын бағындыруды  мақсат еткен. Ол американдық институттарды мұқият зерделегеннен кейін, бес оқу орнына таңдау жасаған.

«11 сыныпта оқып жүргенде бір жыл бойы дайындалдым. Көп дайындықтар болды. Ағылшын  тілінен және басқа пәндерден экзамен тапсырдым. Қазір менің алдымда жаңа мақсат бар: Қай университетте оқитынымды таңдап, оны лайықты аяқтап шығу. Одан кейін көкжиекті бағындыру», – деді Антон.

Назарбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығы бәрінің мақтанышы болған Антонды ең үздік түлек деп санайды екен.

«Әрине, біз тек үздік түлегіміздің керемет жетістігін мақтан тұтып, ол үшін қуанамыз. Антон мақсаттылық пен өзін-өзі ұйымдастыруда әрдайым ерекшеленеді», – деді академиялық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Виктор Сосин.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде ойыншық тапаншамен дүкеннен 8 мың теңге ұрлаған тонаушылар видеоға түсіп қалған

Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды

Оралда су тасқыны: Ата-аналар балаларын мектепке көтеріп апарып жүр (фото, видео)

Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін

Талқылау