АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев Қазақстанға қайтарылмайтын болды

Сейсенбі, 15 Тамыз , 2017 22:37

Диас Қадырбаевты АҚШ билігінің Қазақстанға не үшін бермей отырғаны белгілі болды. Ресми Вашингтон мен Астана арасында сотталған азаматтарды экстрадициялау туралы келісім жоқ екен. Сондықтан, Қадырбаевты отанына қайтару мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды КТК арнасы.

600_d24095154b5adde4880f7b022dadd126

«2015  жылдан бастап Қазақстанның Бас прокуратурасы АҚШтың Әділет министрлігіне, оны отанға беру туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінді. Алайда жасалған қылмыстық ауырлығына байланысты АҚШ тарапы оны беруден бас тартты. Ол 6 жылға сотталған, жаза мерзімі 2019 жылы аяқталады. Бұл мәселе тек Америка тарапының құзыретінде екенін атап өткен жөн», – дейді ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Ғалымжан Қойгелдиев.

Бас прокуратура Диас Қадырбаевтың қазіргі жағдайынан бейхабар екен. Бір анығы – ол Техас штатындағы «Биг-Спринг»  түрмесінде отыр. Мерзімінің бітуіне әлі 2 жыл бар. Естеріңізге салсақ, қазақстандық қос студент – Диас Қадырбаев пен Азамат Тажияқов 2013-ші жылы Бостондағы   марафон кезінде болған терактіге байланысты айыпталған. Кейін осы жарылысты ағайынды Царнаевтардың ұйымдастырғаны білгілі болды. Азамат пен Диас сол «күдіктілерге тиесілі сөмкені қоқысқа лақтырды» деп күдікке ілінген. Сөйтіп, Қадырбаев 6 жыл, Тажияқов 3 жарым жылға сотталған. Азамат Тажияқов былтыр маусымда жазасын толық өтеп, елге оралғанын айта кетейік. Жалпы, қазір шетелдердегі түрмеде 3 мыңға жуық отандасымыз отыр. АҚШ-тың өзінде 4 жерлесіміз жазасын өтеуде.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен заңды түрде ажырасты

Жампозов ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындай бастады

Грант иегерлерінің жаңа тізімінде 1000-ға жуық талапкердің мамандығы ауысып кеткен

Павлодарда жұмысшылар топырақ астынан адам сүйектерін тауып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар