Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та рульде отырып смартфон шұқылағандарды мас күйде көлік басқарғандармен теңестіру ұсынылды

АҚШ полициясы жол апатына қатысты жүргізушілерді рульде отырып телефонды пайдаланды ма, пайдаланбады ма соны тексермек. Бұған Cellebrite компаниясы әзірлеген құрылғы жәрдемдеседі.

Безымянный

Сурет best-of-news.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұған дейін аталмыш израильдік компания мамандары америкалық ФТБ-ге Сан-Бернардинода адамдарға оқ жаудырған қылмыскердің iPhone телефонындағы мәліметтерді бұзып ашып беруге көмектескен болатын. Рульде отырып телефон және басқа да мобильді құрылғыларды пайдалану жүргізушіні алаңдатады, оның арты жол апатына (тіпті өлімге) ұрындыруы мүмкін.

Жүргізушілерді тексеруді Нью-Йорк сенаторы Терренс Мёрфи өзінің әзірлеген заң жобасында ұсынды. Құжатта жол апатына қатысты жүргізуші билік талабы бойынша тексеруге телефондарын беруге міндетті екендігі көрсетілген. Заңда жобасында жол жүру кезінде қауіптілігіне қарамастан жүргізушілердің 67 пайызы смартфон пайдаланатыны келтірілген. Сондықтан мемлекет смартфон шұқылаған жүргізушіні мас күйде көлік басқарғандармен теңестіруі тиіс екен. Аталмыш заң жобасын әзірлеуге Distracted Operators Risk Casualties (DORCs) ұйымы да қатысты. DORCs ұйымын құрғандардың бірі Бен Либерманның 19 жасар ұлы жол апатынан қаза тапқан. Бен Либерман жүргізушінің телефонын тексертуді ұсынған. Сот ол жүргізушінің смартфонан мәтін теруі жол оқиғасына себепші болғанын дәлелдеген.

АҚШ-тың жеке адамға қатысты мәліметтер құпиялылығы туралы заңы полицияға адамның телефонындағы соңғы қызметін (қоңырау, хабарлама және т.б.) қарауға мүмкіндік бермейді. Ал «Текстотестер» жобасы жол оқиғасы кезінде телефон қолданылды ма, жоқ па, соны мета-деректер бойынша анықтап береді.

Талқылау