Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қарасора өндірісімен айналысатын монах әйелдердің тіршілігі (фото)

Фотограф Шон Кроуфорд пен Джон Дюбуа қарасорадан дәрі дайындайтын Калифорниядағы танымал алқапқа барып, таспаға басып қайтқан.

sisters-of-valley_pixanews21-680x453

Бұл туралы pixanews.com баяндайды.

Қарасора өсіруші әйелдер Мерсед қаласының шет жағындағы үш бөлмелі үйде Кейт, Дарси және Кейттің кіші ұлы тұрып жатыр.

sisters-of-valley_pixanews8-680x453

сора1

Олар мұнда қарасораның түр-түрін өсіреді. Сол өсімдіктерден май мен түрлі сығындылар әзірлеп ала береді. Сосын өнімдерді Etsy электронды нарығы арқылы сатады.

sisters-of-valley_pixanews5-680x453

Әйелдер таза егінмен айналысып, дәрілер жасайды. Олар осы процесті дайындау кезінде джинсыдан жасалған ұзын белдемше, жағалы ақ көйлек және монах биік тақаларын киеді.

sisters-of-valley_pixanews16-680x453

Олардың ұйымының аясы әлі кең емес. Жақында ғана жандарына тағы бір әйел қосылған. Олар дәрілер жасап, түрлі аурулардан қиналып жатқандарға көмектескілері келеді. Қазіргі таңда түрлі штаттардағы қарасорадан май өндіруші өндіріс орындары осы алқаптағы әдісті пайдаланып, үйренуде.

sisters-of-valley_pixanews1-680x453

Жыл басында жергілікті билік штаттың қарасора өндірісін бақылау туралы заңындағы кеткен қателікке байланысты бұлардың кәсібін заңсыз деп таныған. Былтырғы жылы да штат парламенті 19 жылдан соң медициналық қабылдау үшін қарасораны жекешелендіру туралы шешім шығарған.

sisters-of-valley_pixanews3-680x453

Алайда заң авторлары заң мәтінінің штат аумағындағы марихуанаға қатысты шектеу енгізілетін сөздермен ауысып кеткенін айтып түсіндірген. Бірақ, бәрібір Мерсед қаласы аумағында қарасораның дайындалып сатылуына қарсы ереже енгізілген.

sisters-of-valley_pixanews2-680x453

Енді монах әйелдердің ұйымы қиын жағдайда тұр.

“Қазір біздің қарасора өндірісінен жасап отырған барлық пайдалы шаруашылығымыз қиын кезең алдында тұр. Біздің келісіміміз бен пікірімізді ескерместен қылмыскерге айналдырып шыға келді”, – дейді Кейт.

156

сора3

Католиктік отбасында тәрбиеленгеніне қарамастан Кейт барлық дінге түсіністікпен қарайды. Ұйымның да негізгі атауы мен жұмыс істеу тәсілі бірнеше діннің түпкі негізіне лайықталған. Егін аумағын тазалау айдың туу уақытына байланысты. Олар өздері дайындаған дәріден адамдардың сауығып кетуі үшін үнемі дұға қылады. Тиісінше олар дәл осы қарасора өндірісімен тек әйелдер ғана айналыса алады деп есептейді.

сора4

157

Олардың әрбір күнінің бастауы “Библияны оқу сәті” деп аталады. Ал шын мәнінде олар бұл кезде электронды почталарына келіп түскен хаттарға жауап береді. Олар түрлі әлеуметтік желі арқылы өз кәсіптерін дөңгелетуге ниетті.

sisters-of-valley_pixanews4-680x453

55 жастағы Кейт Мюзен ұзақ әрі қиын ажырасудан соң медициналық қарасора өндірісімен айналыса бастаған. Ол 10 жылға жуық Амстердамда қаржылық кеңесші болып қызмет істеп, АҚШ-қа қайта оралған. Калифорниядан өндіріс ашуға оның ағасы көп көмектескен. Ол монахтарша 2011 жылдың қарашасынан бастап киіне бастады.

 

sisters-of-valley_pixanews27-680x1020

Өзінің бизнесін жолға қоя бастаған сәтте ол Дарси Джонсонмен кездесіп, бірге жұмыс істей бастайды. 24 жастағы Дарси бұрын әлемді аралап саяхатшы болып, әртүрлі салада жұмыстар істеген. Ол Кейтке кездесіп, бірге істеуге келісімін берген.

sisters-of-valley_pixanews26-680x1020

Қазіргі кезде бұл ұйым мүшелері жергілікті билікке уәж айту үшін, жаңа заңды қабылдатпауға бар күштерін салуда.

155

Олар басты заң шенеуніктердің шығарғаны емес, ол адамдардың еркіндігі және қарасорадан жасалған дәрілерді еркін қолдана алуы дейді.

159

Талқылау