Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоянбаев “Бизнес по-казахски в Америке” фильмінің құпиясын ашты

Жуырда ғана Жеңісхан Төре мен Нұрлан Қоянбаев АҚШ-та «Бизнес по-казахски» кинокартинасының жалғасын түсіріп келген еді. Жаңа фильм жайында Қоянбаев Гәкку арнасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"Екі киноның айырмашылығы – локацияда. Бірінші кино Алматы қаласында, екіншісі Калифорния штатында, Лос-Анджелесте түсірілді. Әрине, АҚШ-та кино түсіру бізге арман еді", - деп бөлісті Қоянбаев. Түсірілім тобы шетелде біраз қиналған көрінеді. Әсіресе, Нұрлан Қоянбаев шетелдік актерлермен тілдесе алмай, біраз әбігерге түскен. «Қиын болды, ағылшын тілінде сөйлесу керек. сол жерде жұмыс істейтін әріптестеріміз де АҚШ азаматтары», - дейді Нұрлан. Қоянбаяевтың айтуынша, «Бизнес по-казахски в Америке» бірінші бөлімге қарағанда әлдеқайда қызық болады. «Түсірілім өте қызық өтті. АҚШ актерларымен бірге. Бір кадр қалған кезде ағылшын кісі келіп, бірдеңе айтып, кетіп қалды. Біз түсірілімге дайындалып жатсақ, сондағы 47 адамның 37-сі кетіп қалды. Сөйтсек түскі ас екен», - деп түсіндірді Қоянбаев. Жіберіп алмаңыз: Абай Бегей сыйға алған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды Айқын Төлепберген алғаш рет балалары жайлы бар шындықты айтты Айдарбекова: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды (видео) Кәмшат Жолдыбаеваның испан стиліндегі клипі тыңдарманға ұнап қалды (видео)
Талқылау