Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады (видео)

АҚШ пен Ұлыбритания елшілігі қазақстандықтардың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мерекелік ролик жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Майкл Джон Гиффорд

«Қазақстан Халқының Бірлігі күні құтты болсын!» – деп жазды АҚШ елшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Видеодан қолына «All for one. And one for all!» (Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!), «Бірлік», «Ынтымақ» және басқа да жазулары бар қағаз ұстаған балалардың көруге болады.

 

Ал Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Джон Гиффорд Қазақстандағы 120 ұлт өкілі татулық пен бірлікте өмір сүріп, өз мәдениеттерін дамытып жатқанын айтты.

«Мен күн сайын қазақстандықтардың қонақжайлығын, адамгершілігі мен ақкөңілдігін көру мүмкіндігіне ие боламын»,- дейді елші.

Сонымен қатар ол қазақстандықтарға бейбітшілік, бірлік пен береке тіледі.

Оқи отырыңыз:

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Мектеп бітіру үшін 100 мың теңге: Алматы тұрғыны мектепте ақша жиналып жатқанын айтып шағымданды

Қалжыңдап тұрсыз ба: Семейде қайырымды жандардан сыйға үй алған алты баланың анасы көз жасын тыя алмады (видео)

Талқылау