Ақпарат министрі мүшеқаптардың жарнамасын сынға алған әйелге жауап берді
ҚР ақпарат және коммуникациялар министріне әйел адам өтініш жазып, теледидардан көрсетілетін жарнамаларға шағым түсірді.

Айнұр Солтанқұлова есімді азаматша министр Дәурен Абаевтың блогына өтініш жазды.
“Сізге телеарналардағы жарнамалар туралы айтайын деген едім. Төсемдер мен мүшеқаптар туралы жарнаманы алып тастауға болмай ма? Бұлар отбасы мүшелері мен қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады”, — деп жазады әйел адам өтінішінде.
“ҚР “Жарнама туралы” заңы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарында әйел адамның гигенасына арналған құралдар мен контрацепция құралдарын жарнамалауға тыйым салынбайды”, — деп жауап берді Абаев. Сол себепті телеарналарда мұндай жарнамаларлы таратуға тыйым салу мүмкін емес деп түйіндеді министр.
Жіберіп алмаңыз:
Сенатор: Отанын сатқандар азаматтықтан айырылады
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін