Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпаннан бастап валютаны сатып алу-сату айырмашылығы 6-7 теңге болады

Ақпаннан бастап валютаны сатып алу – сату айырмашылығы 6-7 теңге аралығында болады. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды.

3eadf8620472618acf52f244b4de851f
Қаулыға сәйкес енді АҚШ ақшасын теңгеге сатып алу кезінде 6 теңге, ал еуро 7 теңге алшақтықпен саудаланады.

Экономист Айдархан Құсайыновтың пайымынша, бұл ақша айырбастау пункттері арасындағы бәсекелестікті арттырады. Ал ол тұтынушыға оң әсер етеді. Қазір шетелдік валютаның бағамы құбылып тұр. Ал оның бағасын қаржы саудалаушылары тәулігіне бірнеше рет алмастыруға мәжбүр.

Егер АҚШ ақшасын сату мен сатып алу арасындағы алшақтық артса, тақтадағы бағамдардың ұзақ сақталуына түрткі болар еді. Бұл өз кезегінде қазақстандықтарды психологиялық тұрғыдан сабырға түсіреді, – дейді экономист.

“Меніңше, бұл – жағымды жаңалық. Ұлттық банк бұл шешімі арқылы бағаға үстемдік жүргізуден алшақтай түседі. Қолма қол ақша айналымын басқару айырбастау орындарына өтсе, бұл нарыққа жан бітер еді. Тиісінше айырбастау тіректерінің арасындағы бәсекелестік те күшейеді. Біреу шетел валютасын арзанға сатса, екіншісі оны сәл қымбатқа сататын болады”, – дейді экономист Айдархан Құсайынов.

Еске салайық, қазір шетелдік валютаны сату мен сатып алу айырмашылығы 2 теңге аралығында.

Талқылау