Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақорданың төбесінен қатарынан “үш күн” көтерілді

Астаналық тұрғындар 23 қаңтардың таңында ерекше құбылысқа куә болды. Ақорданың төбесінен қатарынан «үш күн» көтерілді.

Ақорданың төбесінен қатарынан «үш күн» шықты (видео)

Сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Куәгерлердің бірі ерекше құбылысты суретке түсіріп алған. Тұрғындардың сөзінше, табиғаттың тосынсыйының әдемілігі сонша, көз алу мүмкін болмапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Басылымда түсіндірілгендей, мұндай оптикалық құбылыс табиғатта өте сирек кездеседі. Ғалымдар оны «гало» деп атайды екен.

Ол жарқырап тұрған жүзік немесе жарықтың айналасындағы кішігірім кемпірқосақ тәрізді көрінеді.

Ерте замандарда мұндай құбылыс ерекше белгі болып саналған.

 

Талқылау