Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының оқушылары бұзақының әрекеті үшін ардагерден кешірім сұрады (видео)

Ақмола облысының оқушылары жастардың атынан 9 мамыр күні мас бұзақы ұрып, тонап кеткен өскеменік ардагер, Михаил Рогожкиннен, кешірім сұрады.

3555

Жоғары сынып оқушылары бейнежазба түсіріп, желіге жариялаған.

Айта кетейік, Жеңіс күні 40 жастағы ер адам 92 жастағы соғыс ардагерінің үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, барлық медальдары мен ордендерін қолды қылған еді.

Полицейлер келгенше зейнеткердің жарты миллион теңгесін жасырып үлгергенін де айтқан еді.

Зейнеткер ауруханаға түсіп, ұры қамауға алынған. Соның өзінде мейірімді ардагер ұрыны кешіруге дайын екенін айтқан. Ал, оқушылардың жазбасын көрген ардагер көзіне жас алды.

Талқылау