Ақмола облысындағы мектепте қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды
Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы мектептердің бірінде қазандық жарылып, от жағушы күйіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданында мектептің жанында орналасқан қазандықта жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқу ғимаратына жылу беретін қазандық жарылған. Жарылыс кезінде от жағушы күйіп қалып, ауруханаға жатқызылды.
Дегенмен, мектеп әдеттегідей жұмыс істеуін жалғастыруда. Оларда қосалқы қазандық болғандықтан мектепке жылу қайта берілді, балалар да ешқандай жарақат алған жоқ.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"