Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда ақша бопсалаған жігітті екі тұрғын ұрлап, әкетіп жазаламақ болған

Ақмола облысы Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне зардап шегушiнің әпкесі хабарласып,  өзінің бауырын белгісіз екі жігіттің күштеп көлікке отырғызып алып кеткенін айтып, шағымданған.

22222222222222

“Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған көлік қаладан шыға берісте тоқтатылып, күдіктілер қолға түсті.

Күдіктілердің айтуынша, жігітті көлікке онымен сөйлеспек болып, сүйреп отырғызған. Сонымен қатар,  олардың зардап шегушiні көліктің ішінде ұрғаны анықталды. Бірнеше күн бұрын зардап шегушi мен күдіктілердің бірінің арасында кикілжің орын алған. Күдікті бұл кикілжіңді  достарымен қосылып, осылайша шешпек болған. Көлікке күштеп салынған жігіт бірнеше күн бұрын екі жігіттің бірінен ақша бопсалаған көрінеді.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 122-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып,  күдіктілер уақытша оқшауланды» – делінген хабарламада.

 

Талқылау