Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қайғылы оқиға: Анасы баланың қолынан оттықты алмаған

Бұланды ауданында оттықпен ойнап отырған баланың кесірінен үй өртеніп, 85 жастағы қария қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 ақпанда сағат 10:52-лер шамасында Макинск қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде болған.

«Тұрғын үйдің 12 шаршы метр аумағы өртенді. Оқиға орнынан 1933 жылғы Б.Ф. Обидин есімді қарияның денесі табылды», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Өрт баланың оттықпен ойнау себебінен болған.

“Үй иесінің айтуынша, өзі сыртта жүрген. Ал бала оттықпен ойнап үйде жүгірген. Әйел оған мән бермеген. Бала атасы жатқан бөлмеге барған. Әйел үйге келіп, есік ашса, от шыққан. Ол көршілерінен көмек сұраған, бірақ атасын құтқара алмаған. Әйел қорыққаннан өрт сөндірушілерге хабар беруді ұмытып кеткен, кейін көршілері хабарласты”, – дейді Ақмола облысы ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Мусин.

Тағы оқыңыз:

Алматылық азамат жүргіншілер жолағында үш адамды қағып кетті: Әйел көз жұмды

Таразда зейнеткер бесінші қабаттан құлап, сұлулық салонының шатырына түсті

Қарағанды облысында ірі жол апаты: 1 адам қаза тауып, 10 адам жарақаттанды

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар бала моншаға түсемін деп жазым бола жаздады

 

 

Талқылау