Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бір отбасы жол апатына түсті

Жол апатынан бір адам қаза тапты, зардап шеккендердің ішінде екі бала бар.

1499016719-973

Астанадан Қостанай облысына қайтып келе жатқан отбасы жол апатына ұшырады, отағасы қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарынан.

Жол апаты 23 шілде, жексенбі күні Астрахан ауданында Алматы-Екатеринбург жолында болды. Volkswagen Passat көлігінде 59 жастағы ер адам, оның 57 жастағы әйелі және 15 жасар ұлы мен 14 жасар қызы болған.

Көлік Ягодное селосының жанындағы жолда аударылып қалды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, отбасы Қостанай облысы Затобольское ауылының тұрғындары. Полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Тағы да оқыңыз:

Бір жарым жасар сәби үстіне теледидар құлап мерт болды

Күйік шалған 23 жастағы келіншек көпшіліктен бетін қалпына келтіруге көмек

Сәтпаев полицейлері 5 жасар қызды пәтерде зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Талқылау