Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жарым жасар сәби үстіне теледидар құлап мерт болды

Алматы облысында үстіне ескі теледидар құлаған кішкентай бала көз жұмды.

2225668

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысында баланың үстіне ескі теледидар құлаған.

Қайғылы оқиға Алматы облысы Көксу станциясында тұрып жатқан отбасында болды. 23 шілде күні үйдің ауласында ойнап жүрген бір жарым жасар ер баланың үстіне теледидар құлап кеткен. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

“Көксу аудандық полициясы бұл жағдайды жазатайым оқиға деп тіркеді. Дегенмен, бұл оқиға бойынша міндетті түрде тиісті тексеріс жүргізіледі. Қазір қажетті сараптамалар  тағайындалды”, — деді полицейлер.

Тағы да оқыңыз:

Күйік шалған 23 жастағы келіншек көпшіліктен бетін қалпына келтіруге көмек

Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото) сұрайды (видео)

Сәтпаев полицейлері 5 жасар қызды пәтерде зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Талқылау