Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында балалар үйі жабылады: балаларды асырап алуға болады

Ақмола облысы, Есіл ауданында балалар үйі жабылады. Қалған 30 тәрбиеленуші басқа мекемелерге бөлінеді немесе балаларды өзге отбасының қамқорына алуына болады. Бұл туралы “Дом Мамы — Ана Yйi” қоры, бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының қызметкері Сергей Комаров айтты, деп хабарлады Sputnik Казахстан.

“Жетімдер үйінде бала қалмаса оның жабылғаны жақсы ғой. Қазір Есіл ауданы балалар үйінде 50  тәрбиеленуші бар. Оның 15-і түлектер, олар колледжге кетеді.  Қалғандары басқа балалар үйіне таратылады. Анығы Ақкөл балалар үйіне жіберілетін шығар”, – дейді Комаров.

Оның ойнша қазақстандықтардың көбі баланы асырап алудан басқа қамқорға алудың бірнеше түрі барын білмейді. Яғни, мемлекет қолдау көрсететін қамқоршылыққа алу, патронаттық және кәсіби патронаттық отбасы болу сияқты түрлері бар.

“Есіл ауданындағы балалардың көбі есейген. Олардың аға-әпкелері бар. Біз түсінеміз бірден бірнеше баланы асырап алу қиынға соғатынын, бірақ кәсіби патронаттық отбаслар 4-тен 10 балаға дейін қабылдай алады”, -дейді Сергей Комаров.

Қосымша ақпарат білу үшін Есіл ауданы балалар үйінің әлеуметтік педагогы Құдайберген Хонарбайға (+7 707 151 5260)  немесе бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының қызметкері Құралай Жұмабековаға (+7 701 261 1786) хабарласса болады. Балалар үйі туралы ақпарат республикалық деректер базасына тіркелген.

Тағы оқыңыз:

6 жасар бала ауру жарқанатпен ойнап, қайтыс болды

Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдер автосалоны ашылды (фото)

Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

 

 

Талқылау