Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жасар қыз шұжық жеп қайтыс болды: Жаңа мәліметтер

Ақмола облысында екі жасар қыз ботулизмнен қайтыс болды деп болжануда. Сондай-ақ, дәл осы отбасының тағы екі баласы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Болжам бойынша, олардың үшеуі де отбасылық түскі аста шұжықтан уланған. Бірақ, ересектерде сол тағамды тұтынғанымен,  зардап шекпеген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Ақмола облысында балалар шұжықтан уланып, біреуі қайтыс болды

Үрімқай ауылындағы Шәшкеновтар отбасында үлкен қайғы. Олардың жалғыз баласы, екі жасар Айзере қайтыс болып кетті. Бүлдіршін кеше жер қойнына тапсырылды. Туыстарының айтуынша, барлығы отбасылық түскі аста орын алды. Олар халал белгісі бар жылқы етінен жасалған жартылай кептірілген шұжық жеген. Бірақ, шұжықты бәрі жегенімен, тек балалар ғана уланған. Бүлдіршіндердің температурасы көтеріліп, құсып, іштері өткен. Әбден зәрелері үшқан отбасы бірден дабыл қағып, ауылдық жедел жәрдем дәрігерін шақырды. Бірақ, күндіз шақырылған дәрігер кешке қарай бірақ келген.

«Ауыл дәрігері кешкі сағат 9.00-дан кейін келді. Сиырын сауып, жұмыстарын бітіріп, бірақ келген. Балаға 6 сағат бойы медициналық көмек көрсетілмеді. Біз бұл мәселені бұлай қалдырмаймыз. Қыз сондай көңілді болатын»,-дейді туыстары Ержан Шәшкенов.

Бүлдіршін екі күннен кейін Бурабай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Туыстары, егер қызды ауруханаға уақытында алып кеткенде, Айзерені құтқару мүмкін болар еді, деп күйінуде.

«Жоқ, ешқандай сиыр болған жоқ. Сағат 6-да ешқандай сиыр болмады. Олар ата-ана болғандықтан, қазір кінәлі адамды іздейді. Негізі, баланың ата-анасының өздері кінәлі. 2 жасқа дейінгі балаларға шұжық беруге бола ма?»,- деді Ақмола облысы Үрімқай ауылдық дәрігерлік амбулаторияның дәрігері Дәмежан Қайрымденова.

Астан уланды деп, ауруханада көз жұмған Айзере небәрі екі жарым жаста ғана болатын. Оның 3 және 5 жастағы ағайынды бауырлары да отбасылық түскі астан кейін уланып, ауруханаға түсті. Бірақ, қазір олардың жағдайы жақсарып келуде. Балалар аудандық ауруханадан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қайтыс болған бүлдіршінге ботулизмнен көз жұмды деген алдын-ала диагноз қойылды.

«Бала Бурабай аудандық ауруханасына гастроэнтероколит диагнозымен түсті. Науқас бірден жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Кеңес өткізіліп, бала жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бірақ, өкінішке орай таңертең қайтыс болып кетті»,-дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асем Төлеубаева.

Санитарлық дәрігерлер талдама жасау үшін Шәшкеновтар шұжық сатып алған дүкендегі барлық шұжықтарды, сондай-ақ үйдегі басқа да азық-түліктердің үлгілерін алды. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Ал осы жағдайдан кейін Бурабай аудандық ауруханасында баланың өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында екі жасар қыздың шұжықтан уланып, көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау