Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ауыл маңында аяздан тағы бір әйел үсіп өлді

Аномалды аяз тұрақтаған Қазақстанның солтүстігінде соңғы үш күн ішінде үсіп өлудің үшінші жағдайы тіркелді.

67689641_zima

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ақмола облысы Васильевка ауылы шетінде тағы бір әйел үсіп қайтыс болды деп хабарлады ішкі істер департаменті. Полицияның мәлімдеуінше, Сандықтау ауданы Васильевка ауылының тұрғыны 19 қараша күні құрбысының үйінен шығып, алайда өз үйіне оралмаған. Зайыбын іздеп-іздеп таба алмаған ер адам полицияға хабарласуға мәжбүр болыпты. Іздеу жұмыстары барысында 21 қараша күні ауыл шетінде қалың қар арасынан жоғалып кеткен 50 жастағы әйел адамның денесі табылған.

“Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, әйел адамның өліміне себеп болған – ағзаның жалпы суықтауы”, — деді агенттікке сұхбат беруші. Бұдан бұрын бұқара халыққа 19 және 20 қараша аралығында дауылдық ескерту жарияланып, кей жерлерде ауа температурасының минус 40 градусқа дейін төмендейтіні айтылған болатын.

Бұған дейін аяз салдарынан әкімдік қызметкерінің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылжарлық кәсіпкер қоқыстарды қайта өңдеп қажетті өнім шығарумен айналысады

Көлік жүргізушілері WhatsApp-тағы топ арқылы тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда

Саусағыңыздың пішіні болмысыңыз жөнінде көп нәрсе айта алады

Қызылорда облысының тұрғыны қара суықтан қорғанудың тың тәсілін тапты

Талқылау