Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы тұрғынының атынан белгісіз біреулер несие рәсімдеген

Ешкімге қарыз емессіз бе? Көзіңізді анық жеткізу үшін өкілетті органдарға барып тексеріп алыңыз. Өйткені, біреудің сыртынан несие алатындар пайда болыпты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ардақтың соңғы 2 айда коллекторлардан естіп келе жатқан сөздері келесідегідей. Жиі қоңырау шалып, өзі білмейтін 128 мың теңгені төлеңіз дейтін көрінеді. Ал, несиесін өндіріп алуға өтініш берген компания туралы еш ақпарат жоқ. Бір белгілісі – несие берген компания өтініштерді онлайн қабылдайды екен. Яғни, өзіңіз бармастан компьютеріңізде отырып-ақ қарыз ала беруге болады деген сөз. Бірақ, ол үшін де азаматтың жеке мәліметтері қажет емес пе?

“Оларға құжаттарым қалай түсті? Олар қалай несие бергендерін, кім алғандарын, қандай менеджер оны рәсімдегенін қалай білуге болады? Маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Ешкімге беріп, жоғалтқан да емеспін”, – дейді Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының тұрғыны Ардақ Әбдірахманов.

Сыртынан несие рәсімделген Ардақ та банктерден ғана күдіктенеді. Өйткені, жеке мәліметтері тек соларда ғана бар екен. Ал, тағы бір азаматтың жақында өзінің егов парағынан басқа біреулердің мәлімет сұратқанына байланысты шу көтергені де бар емес пе? Дегенмен, Ұлттық банк өкілдері жеке бас деректері қатаң сақталады деп сендіріп отыр. Себебі, 2-деңгейлі банктер мен шағын несиелендіруші ұйымдар өздерінің қадағалауында көрінеді. Бірақ, онлайн қарыз беретін компанияларға құзырлары жүрмейді екен.

“Мұндай компанияларды қазіргі кезде Ұлттық банк қадағаламайды. Олардың жұмысын тоқтата салу керек дейтіндер бар. Бірақ, оның да кері жағы бар. Сондықтан, ондай ұйымдарды да Ұлттық банктің бақылауына алу мәселесін көтерген дұрысырақ болар”, – дейді ҚР Ұлттық банкі қаржы қызметін тұтынушылардың құқын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Александр Терентьев.

Онлайн несие беруші компания өкілдері Ардақ Әбдірахмановтың атында борыш бар екенін растады. Сөйте тұра, алаяқтықтың болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Ал, алмаған ақшасы үшін несие берушілердің қара тізіміне кіріп кеткен Ардақ құқық қорғаушылардың тергеуі тезірек бітсе екен деп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Басшылықтың сынына құлақ аспаған Шухрат Данбай: Бұл мәселені талқылағым де келмейді

Астанада кәсіпкер пиццасын криптовалютаға сатып жатыр

6 жылдан бері ескі моншаны паналаған көпбалалы ана жұрттан көмек сұрады

Сәбидің денсаулығына салғырт қараған аурухана басшысы жұмыстан қуылды

Талқылау