Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы әкімдігі 60 миллион теңгеге көлік алған

 

Аймақ басшысы ауысқаннан кейін Ақмола облысының әкімдігі автокөліктерін жаңартты. Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, облыс басшысы наурыз айынан бастап атқарушы классының көліктерін сатып алған.

mercedes-benz-e-class_w213_start_1000x470_11-2015

Әкімдік 21 миллион теңгеге Е-класының Мерседес Бенц автокөлігі мен 43 миллион теңгеге екі бірдей жол талғамайтын көлік алған.

X6KwU3Z1QhmC82027wxcu0DZkUYhzl

OBVa5l2KJA7h67hhms38tl8HXTc359

Байқау нәтижесі бойынша, көліктерді қою туралы келісім-шартқа “Astana Motor” ЖШС мен “Gold Star Motors” ЖШС отырған.

Ал көлік алуға қойылған талаптар келесідей: автокөлік кемі 2016 жылы жарыққа шыққан болуы тиіс, сондай-ақ, өте аз қашықтықты бағындырған болуы керек. Бұдан өзге, көлікте қауіпсіздік жастығы, кондиционер, рөлді күшейткіш, 2600 куб. Сантиметрден асатын автоматты трансмиссия болуы шарт.

Ал 23 маусым күні әкімдік тағы да 3 жол талғамайтын көлік сатып алуға 60 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді.

A1mbdHuVzWyy4C5fc85Xy59CRSD79c

Жіберіп алмаңыз:

Астанада бейтаныс жігіттер терезеге шығып алған бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Алматыда шипажайда жоғалып кеткен жігіт табылды

Астанада жалғыз қыдырып жүрген жерінен табылған қыздың туыстарына іздеу жарияланды

Алматыда жолаушы әжелер бұзылып қалған троллейбусты итерді (видео)

Талқылау