Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында сәләфиттік ағымды ұстанушы жігіт өз анасының алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Сәләфиттік ағымды жақтаушы жігіт анасының зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.


Жергілікті тұрғын Степногорск қаласының полиция бөлімшесіне келіп, екі алтын сақинасының жоғалып кеткенін айтып, арыз түсірген.

Жәбірленуші полицияға хабарлағандай, алтын жоғалардың алдында үйге бөтен адам кірмеген. Сондықтан, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арызданушының 25 жастағы ұлынан күдіктенді. 
Қылмыстық істі тергеу барысында полицияның болжамы толық расталып, алдынды арызданушының ұлы ұрлағаны белгілі болды.

Тергеу барысында оның еш жерде жұмыс істемегені анықталды. Сөйтсе, ол анасынан ұрлаған алтын бұйымды сатып немесе ломбарқа өткізіп жібермекші болған екен. 

«Ұсталған азамат өзін «Салафизм» ағымының жақтаушысы ретінде көрсетті. Ол қасақана жасаған қылмысын мойындап, өкінетінін айтты»,- делінген хабарламада.
 

Талқылау