Ақмола дәрігерлері өңеші, өкпесі мен бүйрегі кем болып туған сәбиді аман алып қалды

Ақмола облысының дәрігерлері өңешсіз туған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәби 2017 жылдың 14 желтоқсанында өмірге келген. Емхананың жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалған. Нәрестенің өңеш, бүйрек, өкпесінде кемістігі болды.

Бөлімшенің меңгерушісі Елена Иванова, бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Нұрлан Түсіпбеков, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков, дәрігер – хирург Болатхан Қазтаев, патология және жаңа туған балалар бөлімшесінің меңгерушісі Раиса Кенжебекованың кәсіби біліктіліктерінің арқасында сәби аман қалды. Дәрігерлер сәбиге тамақтану үшін пластик өңеш, жасанды ауыз қуысы (қорыту жүйесінің басталар мүшесі) салды.

«Қазір бала үйіне жіберілді. Алты ай өткен соң Ұлттық ғылыми орталықта жасанды өңеш орнату бойынша ота жасау жоспарланған», деп түсіндірді бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Нұрлан Түсіпбеков.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда науқастар дәрігерлердің сапасыз дәрі беретінін айтып шу шығарды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы заттар табылды

Дулат Исабеков: Өмірімде екі қыздың обалына қалдым, бір жолығып аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар