Әкімнен сөз естіген ақтөбелік 14 баланың анасы қоныс тойын тойлады

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 15:12

Жақында ғана 14-ші сәбиін өмірге алып келген ақтөбелік Әлия Новикова қызметтік үш бөлмелі пәтерге орналасты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

575d4d7e-5380-45cd-aed1-366b5109ba66

Осылайша әкімдік көпбалалы Новиковтар отбасының баспана мәселесін уақытша шешіп беріпті.

“Нұр Ақтөбе” ықшамауданында орналасақан аумағы 84,4 шаршы метр болатын қызметтік пәтердің кілтін “Әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту” басшысы Найля Бөртібаева табыстады.

“Диана Новикова облыстық ауруханада жұмыс істейді. Сол себепті Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы Әлия Новикованың үлкен қызына қызметтік пәтер бөлініп отыр”, – делінген хабарламада.

Новиковтар отбасы бұл пәтерде “Көпбалалы отбасы” бағдарламасы аясында кезек бойынша пәтер аламын дегенше тұра тұрады. Бұған дейін бұл отбасының пәтер жалдап жүргені және “жағдайың болмаса туа берме” деп әкімнің ұрысқаны жарияланған еді.

Әлияның отбасында 8 ұл және 6 қыз болды. Үлкен қызы – 24 жаста. Ал ананың өзі екі рет әже атанып үлгерген: екі үлкен қызын тұрмысқа беріп, ұлын да үйлендіріп үлгерген екен. Бірақ, осыншама іс тындырып, жасы келгеніне қарамастан бала тууға кедергі ештеңе көріп тұрған жоқпын дейді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Анонимно says:

    Баланы озымиз ушин туамиз сол себептен ешкимге тудым деп айтуга болмайды

  • Анонимно says:

    Куттыктаймын. Коныстарын Кутты Болсын

  • Серікгүл says:

    Бала Алланың сыйы оны бергісі келген адамға береді сондықтан Алладан бұйрықсыз сөйлемейік халқым…

  • Анонимно says:

    Қəзір баяғы заман емес жағдай жасамайды үкімет. Сондықтан баланы дүниеге əкелерден бұрын оны қалай жеткізіп, ел қатарына қосам деген мәселені көп ойлау керек

  • Анонимно says:

    Дұрыс, жағдай жасалу керек. Бірақ үкімет үшін бала туу, онымен қоса жағдайым төмен деп ренжу мына заманда ақымақтық. Туса өзі, жолдасы үшін. Расында адамзат алдында не тұрғанын білмейді, сондықтан істі жасар алдында тереңірек ойлану керек. Құдай сақтасын, ертең өзіне бірдеңе боп қалса, шиттей бала бытырап кетеді ғой. Шəəəмəлі жағдай жасап алмаса, ертең өз баласынан неге тудың асырай алмасаң деген сөзді естіп калмасына кім кепіл? Қиын, қымбатшылық заман. Баланы қанаттандырып демеп жібермесе қаңғып кетуі де мүмкін ғой

  • Анонимно says:

    Казакты кобеитиндер деп кобеитип жаткан аналарымызга урысканша жагдаиын жасасын мундаида казак калаи кобеиед.

  • Анонимно says:

    Саудын асын йшйп аурудын созин сойлитин заман гой

  • Анонимно says:

    Оооо жарайсың Қазақстаным!

  • Анонимно says:

    Наконец то

  • Анонимно says:

    Айткызбай беруге боладыго бирден. Абден соз есту керек болып турго.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар