Ақиқаты қайсы: “Зорланды” делінген баланың тағдырын таласқа салу кімге тиімді?

Бас прокуратура зорланды делінген 7 жасар балаға қатысты оңтүстік полицейлерінің әрекетінің қаншалықты заңды болғанын тексермек,-деп жазды КТК арнасы.

Яғни жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу туралы  алғаш рет арыз түскенде тәртіп сақшылары неге шара қолданбаған?

Жалпы әжесі мен немересін пойыздан күшпен түсіріп алуға кім құқық берді? Прокурорлар көптің көңіліне күдік ұялатқан сауалдарға жауап тауып, кінәлілерді анықтамақшы.

Тәрбие саласында да ағаттық кеткені расталса  Білім министрі де бүгін ешкімді аямаймын деп ашуға мінді.

Бұл зорланды делінген 7 жастағы оқушыны қорғаймыз деп жүрген қоғам белсенділері мен адвокаттар.

Түнге жақын келіп, «Асыл бала» орталығында әжесімен жатқан жеткіншекті омбудсмен Зағипа Балиевадан алып кетуге келді. Арасында кішкентай Нұрсұлтанның анасы да бар. Өйткені, олар істің жылы жабылып қалуынан қорқып отыр.

«Жеткіншектің анасы әжесіне берген сенімхаттың күшін жойып тастады. Сондықтан, әжесі немересін шешесіне беруге міндетті. Қазір бала мен ананы алып кетіп, өзіміз қамқорлығымызға аламыз»,-дейді адвокат Бауыржан Азанов.

Тараптардың бұлайша балаға таласуы бекер емес. Өйткені, анасы қоғам белсенділерін жақтаса,  әжесі омбудсмен Зағипа Балиеваның соңынан еріп жүр екен.

 

-Сонда сіздің қызыңыз  тыңдамай тұр ма?

-Иә, ол мені түсінбей жатыр.

-Бұрын басқаша болатын ба?

-Бұрын мені тыңдайтын.

Мен жаманшылық көрген жоқпын. Жақсы қарсы алды бәрі күтіп жатыр. Шәй берді немереміз екеумізге. Бірақ, 5 сағатқа созылған даудан кейін, белсенділер Нұрсұлтанды «Асыл бала» орталығынан бәрібір алып кетті.

Қазір анасы мен ұлы Астанадағы «Ана үйі» оңалту орталығында жатыр. Ал, әжесі оңтүстік Қазақстанға ауылына қайтып кеткен. Негізі жеткіншекті үш айынан бері осы әжесі бағып-қаққан екен. Анасы Алматыға ақша табуға кетіп, екі-үш ай сайын ғана келіп тұрыпты. Анар Рахымбаева, «Ана үйі» қоғамдық қорының төрайымы: –

«Нұрсұлтан анасымен қауышқанда өте қуанды. Көңіл күйі қазір жаман емес. Екеуіне барлық көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы күзетшілері бар.»,-дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының төрайымы Анар Рахымбаева.

Осы оқиғадан соң оңтүстіктің полицейлеріне сенім азайды. Сондықтан істі Бас прокуратура өз  бақылауына  алды.

Енді прокурорлар   әжесі мен немересін  пойыздан түсіріп, Шымкенттен шығармай қойған тәртіп сақшыларының әрекетінің қаншалықты заңды болғанын тексеруі тиіс.

Сондай-ақ жәбір көрдім деген баланың әжесінің  арызын тіркеп шара қолданбаған пагондағылардың ісі де май шаммен қаралады. Ал, Білім министрлігі 7 жастағы жеткіншекті жоғары сынып оқушыларының зорлағаны дәлелденсе, ешкімді аямаймыз деп отыр.

«Бастысы бала қазір қауіпсіз жерде. Тергеу жүріп жатыр. Сондықтан соның нәтижесін күтейік. Егер жантүршігерлік жайт расталса, мектеп басшылығына ең ауыр шараларды қолданамыз»,-деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Жалпы, күллі елдің жағасын ұстатқан шу бір апта бұрын шыққан. Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылында тұратын Нұрсұлтанның әжесі сұмдық жайтты жария еткен.

Айтуынша, немересін  жоғары сыныптың оқушылары бір емес, бірнеше рет зорлап жүріпті. Бірақ, мұны бәлеге қалған ұлдардың ата-аналары  жала деп отыр.

Бірақ, мұның рас өтірігін қайтадан тағайындалатын тәуелсіз  сараптама анықтап беруі тиіс. Оны қоғам белсенділері Алматыда жасатуды жоспарлап отыр.

Сол үшін бүгін Нұрсұлтан анасымен бірге  оңтүстік астанаға жол тартады. Десе де, бұл үлкендердің тартысынан кішкентай жеткіншектің зардап шегіп отырғаны анық.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 3 миллионның дәретханасын таныстырған экс-әкім жемқор болып шықты

Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

Министр мұғалімдердің жалақысын өсіру қалай жүзеге асатынын айтты

Сағадиев: Қазақстан мектептерінде жаңа лауазым пайда болады

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар