Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесіне ұқсап билеген Қайраттың ұлы желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың кенже ұлы Ханның биін тамашалап, күлкіге қарық болды.

Хан Қайратұлының қимыл-қозғалысына зер салғандар оны әкесінің бала кезіне ұқсатты. Қылығы балдай балақай әкесі сияқты көзілдірік те киіп алған.

 


Өнерлі отбасында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршін әуенге сай  қол-аяғын қимылдатып, барынша әдемі билеуге тырысқан.

Желі қолданушылар Ханның биіне қарап түрлі пікірлерін жазып жатты.

“Қандай сүйкімді балақай”, “Әкесінен өткен өнерлі болсын”,” Баланың мынандай әдемі қылығын көрсетебермеңіз. Көз тиіп кетеді” деген сынды пікірлер видеоның төменгі тұсына көптеп жазылған.

Оқи отырыңыз:

СІМ: Кемероводағы өрттен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ

Ақтөбеде сотталып жатқан азамат ернін тігіп тастап аштық жариялады

Қазақстандық сауда орталықтары Ресейде болған қайғылы оқиғадан кейін де тексерілмейтін болды

Алматыда қызды 1 миллион теңгеге сату туралы хабарландыру шықты

Талқылау