Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі: Димашқа 24 сағат камераның астында өмір сүру оңай емес

Димаш Құдайбергеновтың әкесі барша қазақстандықты өткен Наурыз мерекесімен құттықтады. Мұнымен қатар, ол «I am singer» байқауының қаншалықты қиын екенін сөз етті. Ол жерде ұлы мен басқа да қатысушылар 24 сағат бойы камераның астында өмір сүруге мәжбүр екен.

17332667_1703722646591625_8948759923961888768_n

Бұл туралы “Түнгі студия” бағдарламасында айтылды.

«Өткен мереке баршамызға құтты болсын! Ұлыстың ұлы күнін қашан да үлкен үмітпенен, қуанышпен күтеміз! Әрбір шаңырақта тек жақсылық болсын деп тілейтін елміз. Ұлымыздың жеңісті күндерін көріп, соған үлкен шаттықпенен қуанатын елміз. Келген Наурыз мерекесі елімізге қуанышын, ырысын, шаттығын, берекесі мен мерекесін алып келсін.

Бұл – өте керемет, тамаша жоба. Бұрын сіздердің арналарыңызда жұмыс жасаған Ертай Нүсіпжанов деген азамат маған жарты жыл бұрын хабарласты. Сол кісі Қытайдағы сайысқа Димаштың әндерін жіберуді ұсынды. Артынша балаларымыз іріктеу сайысына қатысып қайтты. Сол жердегі ұйымдастырушылар Димашты көптеген адамның арасынан іріктеп, сайысқа қатысуға мүмкіндік беріпті. Оның жалпы ерекшелігін өздеріңіз де көріп отырсыздар», – дейді Қанат Айтбаев.

Әншінің әкесі аталған байқаудың «Славян базарына» қарағанда әлдеқайда қиын екенін тілге тиек етті.

«Әр байқаудың өзіндік бағыты бар. Әркім өзінікін мықты деп санайды. I am singer жобасы, біріншіден, телевизиялық байқау. Ол жерде әншінің вокалын ғана ескеріп қоймай, адамның жан-жақты ашылуына, тыныс-тіршілігін танытуға көмектеседі, қатысушының қандай киім киіп, қандай кітап оқитынын айқындап, өздерінің көрермендеріне ұсынады. 24 сағат бойы камераның астында өмір сүру оңай емес», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас еліміздегі ең танымал жұлдыздардың үштігіне кірді

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдық гүлін тосып алды

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Талқылау