Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі 11 жасар қызын неліктен 41 жастағы имамға тұрмысқа бергенін түсіндірді (фото)

Малайзиядағы Келантан штатында 11 жасар қызын 41 жастағы имамға тұрмысқа берген ер адам өз әрекетін түсіндірді.

11 жасар қызын 41 жастағы имамға тұрмысқа берген әкесі өз әрекетін түсіндірді (фото)

Бұл туралы BuzzFeed басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Анықталғандай, қоғамның наразылығын тудырған 11 жасар қыз бен 41 жастағы имамның некесі тараптар арасындағы тиімді келісім болған. Имам қыздың отбасы қарызға белшесінен батқандықтан, оны әйелдікке алыпты.

Ал қыздың ата-анасының болашақ күйеу баласына қойған жалғыз шарты қыздарының 16 жасқа дейін өз үйінде өмір сүретіні болыпты. Алайда олардың некесі туралы мәлімет тарап кеткенде, Малайзия билігі некені жоққа шығарды.

11 жасар қызын 41 жастағы имамға тұрмысқа берген әкесі өз әрекетін түсіндірді (фото)

Сол кезде қыздың 49 жастағы әкесі бар шындықты айтып берді. Оның сөзінше, олар имам Абдул Кәрімнің отбасымен бұрыннан дос екен. Бүгінде имамның 2 әйелі, 6 баласы бар. Бұрын олар имамның бірінші әйелінің үйінің жанында пәтер жалдап тұрған екен. Сол кезде қыз имамның бірінші әйелімен тіл табысып үлгеріпті. Өз кезегінде, 11 жасар қыз өз жағдайына риза екенін және Кәрімді жақсы көретінін мойындады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әкесі 11 жасар қызын 41 жастағы имамға тұрмысқа бергенін хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау