Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақерке Тәжібаева сүйіктісі туралы айтып берді

Сәуір айының 28-інде ұзату тойын өткізген Тәжібаева сүйіктісімен қалай танысқанын, оның кім екенін айтып берді.

image-116

Бұл туралы “31.kz” хабарлайды.

23 сәуір күні қобызшы Ақерке Тәжібаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өзіне сырға салынғаны туралы хабарлаған болатын. Енді міне бойжеткеннің ұзату тойы да өтті. Ол Ақтөбе қаласына ұзатылды.

Ұзату тойы кезінде тілшілерге берген сұхбатында сүйіктісінің кім екенін, екеуінің қалай танысқанын айтып берді.

“Шетелде таныстық, екі жылдай жүріп, енді міне бүгін тойымыз. Өте оқымысты, “Болашақ” бағдарламасымен бітірген. Жарым кез келген тамақты жей береді екен. Аса бір кірпияз емес”, – дейді қуанышы қойнына сыймаған бойжеткен.

Ақерке  алғаш рет сүйіктісімен Америкада танысыпты. Тойды қос тілде екі бірдей асаба басқарды. Қобызшы қыздың  келіндік қызметін оп -оңай атқарып кететіне әріптестері мен қатар туысқандары да сенеді.

Ақеркенің қуанышымен бөлісуге асыға жеткен әншілер қатарында Бақыт Шадаева, Сиви Махмуди, «Саламат», «Домино» тобы бар. Ал Ақеркенің өзі болса анасы үйреткен ет асу, кеспе кесу сынды өзге де тағам түрлерін әзірлеуде алдына жан салмайтынын жеткізді. Оның үстіне оңтүстіктің қызы.


Оқи отырыңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваның ұзату тойы өтті (фото, видео)

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

 

Талқылау