Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет той көйлегін көрсетіп мақтанды (фото)

Жуырда шоу бизнесте тағы бір дүркіреген той болмақ. Ол – бір жыл бойы жұртты шулатқан Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың тойы.

20393715_704462846410862_4807780700310732800_n

Сурет: Ақбота Сейітмағамбеттің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2016 жылдың қазан айында Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов шариғат бойынша некелерін қиған екен. Осыдан кейін құдалар өзара келісіп, кішігірім ұзату той жасаған. Бірақ, әлі күнге дейін үлкен той болмаған-ды. Мұның себебі де бар екен.

“Дәуреннің маған дейін отбасы болғанын білесіздер. Сол себепті, жағдайымызға қарап, тойды шегере тұрдық. Бірінші жұбайынан туған үш баланың жағдайын ойладық. Халық бізді некелеспеді деп ойлап жүр. Ата-анамыз өзара келісіп, 2016 жылдың қазан айында шариғат бойынша некеміз қиылған болатын. Ал баламыздың атын жолдасым екеуіміз ойлана келе Ибраһим деп қойдық”, – дейді Ақбота “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.

20346970_693059787553564_5703185625230868480_n

Той көйлегін көрсеткен суреттің тұсына әнші “Өзің қалағанды жаса. Сені бәрібір өміріңнің соңына дейін өсектейтін болады” деп жазып қойған екен. Ал желі қолданушылары әншінің көйлегін жоғары бағалады.

“Бота, сен керемет жансың! Ешкімді тыңдама”, “Ешкімге қарамастан бір-бірлеріңді сүйіңдер. Қалғандары қалағандарын айта берсін”, “Бота, үстіңдегі көйлекті қайдан алсақ болады?”, “Иә, бұл сенің өмірің. Алла жар болсын”, “Сұлуым, сенде бәрі жақсы болсыншы. Өміріңнің соңына дейін сенде бәрі жақсы болсыншы. Бала-шағаларың көбейе берсін”, “Менің айтарға сөзім жоқ. Көйлек те, өзің де әдемісіңдер”, “Әркімнің өз санасына берсін” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)

Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Талқылау