Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің кинопрокатқа шығатын күні белгілі болды (видео)

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 10:31

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің прокатқа шығатын күні белгілі болды. Көптен күткен фильм 29 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

20160915074245

Бұл туралы режиссердің өзі кинокартинаның трейлерін Instagram-дағы парақшасында жариялап, хабарлады.

Барлық аналарға арналған фильм талай өмір сынағынан өтіп, қиындықтарды жеңген адам туралы әңгімелейді. Кейіпкердің өмір жолы арқылы картинада қазақ халқының тарихи кезеңдері көрсетілген.

Сатаев режиссерлік еткен фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.

Фильмнің түсірілімі үш елде, атап айтсақ, Қазақстанда, Әзербайжанда және Беларусьта өткен. Ал басты рөлдерді актерлер Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сомдады.

Жіберіп алмаңыз: 

Мұхамедиұлы: “Қазақ елі” фильмі Бекмамбетовтың киносының көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін

Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты

Тимур Бекмамбетов қазақстандық кинолардың билетін арзандатуды ұсынды

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар