Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды (фото)

Германиялық ақ нәсілді модель Мартина Биг тері түсін қараға ауыстыру үшін арнайы инъекция курсынан өткен. Қара нәсілді қызға айналған соң ол Кенияға жол тартып, суахили халқының дәстүрлі атымен шоқынған-ды.

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқындыАқ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Кениялық құрбыларымның бірі шіркеу қызметкеріне менің қара нәсілді қызға айналғанымды және африкалық болғым келетінін айтқан», — дейді Биг.

Бұдан кейін дін қызметкері неміс қызын Ньери қаласындағы шіркеуге шақырған. Онда әйел Малайка Кубва есімімен шоқынған. Бұл есім «үлкен періште» деген мағынаны білдіреді екен.

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

Биг нағыз африкалық әйелге айналғанына шексіз қуанышты әрі мұнысын мақтаныш етеді. Бұдан бөлек, ол бет әлпетінің африка халықтарына ұқсап келетінін атап өтті.

«Кенияда көптеген адамдар таныған кезде таңғалдым», – деген модель көшеде кездескен адамдардың суретке түсуге асығатынын жеткізді. Мартина Биг бұған дейін дене пішінінің де өздігінен өзгеріп жатқанын айтқан еді.

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

«Мен шаштаразға барып, жасанды шашымды алғыздым. Сонда өз шашымның қарайып, африкалық қыздардың шашына ұқсап келетінін байқадым. Бір қызығы, көзімнің түсі де қарая түскен. Мен ештеңе жасаған жоқпын», – дейді әйел.

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

Ақ нәсілді модель африкалық қызға айналып, жаңа есімімен шоқынды

Тағы оқыңыз: 

Ғашықтар тойға 42 жыл ақша жинаған: Алайда қатерлі ісік уақытты бағалауды үйретті

Мұрнын ит тістеп алған әйел: Жануар менің өмірімді құтқарды

Мас болған турист Альпіде тоқтаған қонақ үйін іздеймін деп, 2400 метр биіктіктегі тауды бағындырды

«Титаник» жолаушысы жазған махаббат хаты 35 мың долларға бағаланды

Талқылау