Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ мата шығып тұрды: Павлодарда жартылай  көмілген қабір жұртты шошытты

Павлодарда қайтыс болған туысының басына барған әйел сұмдық көрініске куә болған. Ол зират ішіндегі жартылай ғана көмілген қабірді көріп, қатты шошыған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақ мата шығып тұрды: Павлодарда жартылай  көмілген қабір жұртты шошытты

Жартылай ғана көмілген қабірден марқұмның мәйіті оралған ақ матаның бір шеті шығып тұрған. Өз кезегінде әйел зиратта көрген көрінісінен кейін бойын үрей билегеніне қарамастан, қабірді видеоға түсіріп алып, желіге таратып жіберіпті. Бұл көрініс желі қолданушыларын да шошытты.

Белгілі болғандай, зират қызметкерлері туысы жоқ ер адамды көміп жатқан екен. Алайда осы кезде құжынаған ара пайда болып, жұмысшыларды шаға бастапты. Сондықтан мәйітті толық көміп үлгермеген олар аралардан құтылу үшін қаша жөнеледі.

Ал зират басшыларының сөзінше, аралар шабуылын тоқтатқаннан кейін, жұмысшылар мәйітті қайта көмуге кіріскен.

«Бұл салада отыз үш жыл тәжірибем болса да, осындай жайтқа алғаш рет куә болдым. Мәйітті көмген жердің астында араның ұясы болған тәрізді. Сол себепті үріккен жәндіктер жұмысшыларға тап берген. Абырой болғанда, олар қатты зардап шеккен жоқ», – дейді ЖШС басшысы Анатолий Конвишер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау