Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла кешірсін": Бүркіт "фантазиясы ұрып тұрғандарға" қатты ашуланып жүргенін айтты

Бүркіт мазасын алған жалған әңгімелерден жалыққанын айтып, отбасындағы жағдайдың жақсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы кездері жұлдызды жұптың артынан ерген әңгімелердің жалған екенін, шындыққа жанаспайтынын, ойдан шығарылғанын айтып түсіндірді. Бүркіт жұртты Аишаны біреу ұрлап кетті, Бүркіт атысып, зорға қайтарып алыпты деген ертегілерге сенбеуге шақырды. Ал, мұндай қате ақпарат таратқандарға ойынның соңынан өрт шығуы мүмкін деп ескертті ол.

"Үндемегеннен кейін адамдар мынау рас екен деп ойлап қалмасын деген оймен жазып отырмын. Қадірменді көпшілік, біраз уақыттан бері, Аишаны біреу ұрлап кетіпті, сосын Бүркіт біреулермен атысыпты, зорға дегенде қайтарыпты деген әңгімелер қайдан шықты? Айналайындар, фантазия деген ұрып тұр екен! Бұл ойнайтын әңгіме емес! Біздің беделімізді түсіргісі келген біреудің құрастырған өсегі үшін сол пендеге Аллаһ осы қасиетті Рамазан айында кешірімін берсін! Біз басында оған қатты мән бермеген едік, бірақ барған сайын болған оқиға сияқты естіген жұрт алып бара жатыр! Масқара!" - деп ашуланды әнші.

Өнер иесі мұндай өсекті таратқандарды надан деп айыптады. Отбасының мүшелері аман-сау, бақытты өмір сүріп жатқанын да жасырмады Бүркіт.

"Құрметті достар, әйелімді ешкім, ешқашан, ешқайда ұрлаған емес! Біреудің артынан өсек айтуға шеберміз ғой! Тағы да қайталаймын, осындай кір, надан, жүйкесі тозған біреулер шығарған әңгіменің аяғы осы болсын! Құдайдан қорқыңыздар! Аллаға шүкір 2 ұл,1 қызымыз бар! Біз бақытты отбасыларының біріміз! Осы әңгімені естігенде денеміз түршігеді. Басқалардың атын қаралауды қойыңыздар! Ниеттеріңіз түзу болсын! Сабырлық берсін Алламыз!" - деп жазды Бүркіт.

Талқылау